Аймақта егіс науқаны басталды. Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артық, деп хабарлайды world of NAN.
Облыс әкімінің аппараты егіс жоспарлары туралы айтып берді. 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар, 72,1 мың гектарға майлы дақылдар, 216,2 – жемшөп дақылдары, 10,4 мың гектарға қант қызылшасы егу жоспарлануда. 16,8 мың гектар алқапқа бақша дақылдарын орналастыру, 11,8 мың гектарға картоп, 44,8 мың гектарға көкөніс отырғызу көзделген.
Читайте актуальные новости на нашем сайте и делитесь комментариями в нашем телеграм-канале Malbazar