Е. ҚАРАШӨКЕЕВ ҚАНТ ҚЫМБАТТАМАЙТЫНЫНА СЕНІМДІ

Экономист сарапшылар Қазақстанға қымбатшылықтың тағы бір толқыны келе жатқанын айтқан еді. Жаппай баға шарықтауын айтпағанда, тұтас елді дүрліктірген қант құны енді мазаны алмайды екен. Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында осылай деп сендірді.

-Жалпы қазір әлемде қант бағасының өсуі тенденцияға айналып отыр. Алайда, қазір қант бағасы тұрақты деп айтуға болады. Қазір қай жерге барсаңызда қанттың бағасы 400-500 теңгеден сатылып жатыр. Бұл қанттың жеткізілуіне, биржалық бағаларға байланысты. Бізде 4 зауыт бар, оларды керекті шикізатпен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Мамырда шамамен 32-35 мың тонна, маусымда шамамен 40-45 мың тонна өнім береді деп күтілуде. Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті, -деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. Кейбір дүкендерден 500-600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл сауда желілеріне де байланысты. Елде өндірілетін қанттың шамамен 70 пайызы құрақ қантынан өндіріледі. Қант саласын дамыту бағдарламасын әзірлеудеміз. Жыл соңына қант бағасының күрт қымбаттамайтынын айта аламын, -деді Қарашөкеев.

Ведомство басшысының айтуынша, қант бағасы енді күрт өспейді.

Үкімет отырысында қозғалған қордалы мәселелерді бірпарасы жайлы сілтеме арқылы өтіп, біле аласыздар.

youtu.be/TNziAqrwo8Y