АУҒАН ХАЛҚЫНЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ АШ

Ауғанстанның тең жартысына жуығына, яғни 19 млн 700 мың адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. 2022 жылы қаңтар-ақпан аралығында осы елде БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, Бүкіл әлемдік азық-түлік бағдарламасының сарапшылары зерттеу жүргізіп, осындай жаға ұстатар деректерімен бөліскен.

Ахуалды зерттеушілердің баяндамасына қарағанда, егер биылғы астықтың шығымдылығы жақсы болса, Ауғанстандағы қазір аш жүрген және аштық қаупі төніп тұрған 18.9 млн адамды аман алып қалу мүмкіндігі туады. Оның үстіне сарапшылар бұл елге азық-түліктік көмектің еселене түсуіне де үміт артып отыр.

Ауғанстандағы соғыстың салдарынан әлі күнге ауыл мен қала аралығындағы жолдар қалыпқа келтірілмеген, сондықтан фермерлер өз өнімдерін шаһарларға жеткізу мүмкіндігінен айырылған. Ал Украиндағы соғыс онсыз да тапшы болып кеткен азық-түліктің бағасын аспандатып жіберген.