Түркістан облысының тұрғыны екі сыбайласпен туысынан 10 қой ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті тұрғын Келес аудандық полиция бөліміне хабарласып, мал ұрлығының құрбаны болғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, оның қорасына белгісіз адамдар кіріп, 10-нан астам қой ұрланған. Бұл факт ҚРҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері куәгерлерден сұхбат алып, нәтижесінде күдіктілерді – үш жас жігітті анықтады. Олардың бірі жәбірленушінің туысы болып шықты.
Белгілі болғандай, олар ұрланған қойларды сатып, ақшасын бөліп алған көрінеді. Полиция жәбірленушінің 5 қойын тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта «Мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер