ПРЕМЬЕР МИНИСТР ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ОПЕРАТОРЛАРЫН ҚАТАҢ ЖАЗАЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

ПРЕМЬЕР МИНИСТР ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ОПЕРАТОРЛАРЫН ҚАТАҢ ЖАЗАЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 413 мың тонна дизель отыны бөлінетінін баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Энергетика министрінің мәліметінше, 2023 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін нарықтық құны 15-20%-ға төмен бағамен жалпы 413 мың тонна дизель отыны бөлінетінін баяндады. МӨЗ үшін отын өндірудің тиісті кестесі бекітілді, оны тасымалдаудың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.

Үкімет басшысы жеңілдікті дизель отынын бөлу бөлігінде де ерекше бақылау болуы тиіс екенін атап өтті.

«Алып-сату мен қолдан жасалған тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизель отынын басқа жаққа «жасырын сататын» операторларға барынша қатаң шара қолдану керек»,— деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, аумақтар бойынша егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құру қажет.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazarтелеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер