Жанар-жағармай құю станцияларын саудасында шектеу қойғандары үшін айыппұл күтуде

Жанар-жағармай құю станцияларын саудасында шектеу қойғандары үшін айыппұл күтуде

Ел өңірлерінде жанар-жағармай құю станцияларында ЖЖМ өткізуді шектеу фактілерінің жиілеуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл әрекеттер монополияға қарсы заңнаманы бұзу екендігін еске салады.

«Кәсіпкерлік кодекс нарыққа қатысушылардың келісілген іс-әрекеттеріне және басым компаниялардың тауарды өткізуден негізсіз бас тарту жөніндегі іс-әрекеттеріне тыйым салады. Мемлекеттік органдар күн сайын жанар-жағармай құю станцияларында және сақтау базаларында мұнай өнімдерінің сатылуына мониторинг жүргізеді. Бағаның жоспарлы өсуіне қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері ЖЖМ болған кезде оларды белгіленген бағалар бойынша уақтылы өткізу міндетті», - деп хабарлайды ведомствода.

Сондай ақ, ЖЖМ қалдық көлемі ұлғайған және ЖЖМ өткізуді шектеу кезінде жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты шаралар қабылданатын болады делінген. Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс аясында компания табысының 5% - на дейін айыппұл салуды көзделген.

Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық органдары заңнаманы бұзу белгілерінің болуы тұрғысынан ЖЖМ өткізуді шектеу фактілерін пысықтауда.

Сондай-ақ азаматтар ЖЖМ сатудан бас тартқан жағдайларда Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне, ал белгіленген бағалар асып кеткен жағдайда - Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

БҚДА аумақтық департаменттерінің колл орталығы:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/about/structure/100/1?lang=kk
ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті аумақтық департаменттерінің колл орталығы:
https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/contacts?lang=kk