Жамбыл облысында 800 млн теңгеден астам ауыл шаруашылығы субсидияларына жалған шот-фактура жазып бергендер ұсталды

Жамбыл облысында 800 млн теңгеден астам ауыл шаруашылығы субсидияларына жалған шот-фактура жазып бергендер ұсталды

Шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді нақты жеткізусіз шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА.

Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай сорттарын жеткізуге жазылып, содан кейін фермерлер атынан шаруа қожалықтарының иелеріне хабарламай субсидиялар алуға электрондық өтінімдер берілген.

"Тексерулер нәтижесінде фермерлерден таңқурай егістік алқаптары табылған жоқ. Осылайша, аталған азаматтар мемлекеттен 800 миллион теңгеден астам сомаға субсидия алған. Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі", - деп жазады ведомство. 

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.