СЫРТҚЫ ЖЕТКІЗІЛІМДЕРГЕ ЖОҒАРЫ ТӘУЕЛДІЛІК ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ - ТОҚАЕВ

СЫРТҚЫ ЖЕТКІЗІЛІМДЕРГЕ ЖОҒАРЫ ТӘУЕЛДІЛІК ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ - ТОҚАЕВ

Үкімет еліміздің басқа өңірлерінен Маңғыстауға әлеуметтік маңызы баразық-түлік тауарларын жеткізу үшін ерекше төмен тарифтерді енгізуді пысықтауы қажет. Бұл туралы Маңғыстауда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Агроөнеркәсіптік сектор еліміздің экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Халықаралық форумдарда мен әлемдік нарықтарда сенімді азық-түлік жеткізушісі болу мүмкіндіктеріміз туралы үнеміайтып отырамын. Ол үшін бізде барлық қажетті әлеует бар. Алайда, ең алдымен, біз өз елімізді сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек.Бұл мәселенің Маңғыстау облысында айрықша маңызы бар, оған жыл сайын 100 миллион долларға азық-түлік әкелінеді. Сыртқы жеткізілімдерге жоғары тәуелділік жыл басынан бері өсімі 20%-дан асқан өнімдердің бағасына әсер етеді. Мұндай жағдай облыстың географиялық ерекшеліктерімен және логистикадағы проблемалармен байланысты», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздер келісесіздер ме?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер