МАЛ БАҚҚАН ШАРУАЛАР ЖАЙЫЛЫМҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР

МАЛ БАҚҚАН ШАРУАЛАР ЖАЙЫЛЫМҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР

Шығыс Қазақстан облысында жайылымға деп алынып, жарамсызболып жатқан жер көп, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәселен 5 мыңға жуық жайылым иелерінің қолында бір басмал жоқ болып шыққан.

Айта кету керек, аталған деректер жайылымдық жерлерді пайдалану заңдылықтарына жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Ал өлкеде мал баққан шаруалар жайылымға жарымай отыр. Көпшілігі соның салдарынан шаруашылықтарын басқа бағытқа бұрып жіберсе, енді бірі жанталасып әрең дегенде қол үзбей келеді.

Серік Сәбитов, шаруашылық өкілі:

— Айтады жер көп көп деп, сол жерді неге бермейді білмеймін. Барамыз жер жоқ, деп қоя береді.Біреудің жеріне түсіп кетеміз енді, ол кеп қуады ол қайтеді енді, бізге кеп түссебіз де қуамыз оның хозяйствасын, жер тар.

Соның салдарынан маңайда шаруа қожалықтары азайды. Жайылым жайсыз болса малдан күй кетеді. «Атап бассаң анажер ананыкі, мына жер мынаныкі болып шығады. Бірақ жайылып жүрген малкөрмейсің», — дейді малшылар. Сөйтіп табынның күре жол бойына шығып кететінкезі де аз емес.

Мәди Шайықов, шаруашылық жетекшісі:

— Жайылым аз болса тебін​ шөп жоқ, жейтін жоқ, соданкейін міне трасса жақын трасса маңында жүр.

Мал өсірушілер осылай зар илеп отырса, өлкеде мүлдемиесіз жатқан жайылымдық жерлер көп болып шықты. Текқана Ұлан және Глубокое ауданында 261 адамға рәсімделген 22 мың гектар жер бар. Иелерінің бәрі өмірден өтіп кеткен. Енді әрі қарай ол жайылымдарды кім қолданып жатыр? Ол жағы беймәлім. Бұл аз десеңіз заңға қайшы болса да, шет елазаматының​ меншігіндегі учаскелер де бар екен.

Архат Бейсенбаев, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы:

— Біз тексеру жүргізген бір ауданнан ғана 99 жер учаскесіқазіргі уақытта өз азаматтығын жоғалтқан немесе​ басқа мемлекеттің адамдарының меншігінде екені​ анықталды. Бұл бір ауданнанғана шыққан жағдай, егер​ жалпы облыс​ көлемінде алсақ, бұдан да үлкен цифрлар​шығатыны анық.

Жайылымдық жерді мақсатсыз пайдалану мәселесін жедел шешужағынан Алтай ауданы көпке үлгі. Ол жақта 2046 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Соның 1200 гектардан астамы ​жайылымдық жерлер.

Айгүл Құттыбаева, Алтай аудандық ауыл шаруашылығыбөлімінің басшысы:

— Қайтарып алу себебі әр түрлі. Бірінің жалға алу мерзімі​ әлдеқашан өтіп кеткен, енді біріжерді мүлдем мақсатсыз пайдаланып жүрген. 15 жер қолданушының жайылымы болғанмен, малы жоқ екенін анықтадық. Енді олар не мал алу керек немесе жерді мемлекет меншігіне өткізу керек.

Алайда барлық аудан жер мәселесінде жеделдік танытадыдеуге келмейді. Бұған​​ жүргізілген мониторинг қорытындысы дәлел. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жер бойынша салалық департаментке барлық мәліметті анықтап, реттеу туралыұсыныс хат жіберді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер