БҚО-ДА 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛҒАН ЭКС-ШЕНЕУНІК РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНДІ

БҚО-ДА 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛҒАН ЭКС-ШЕНЕУНІК РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНДІ

Орал қалалық сотында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы бөлім басшысы, 29 жастағы Мирас Әнуаров пен 35 жастағы кәсіпкер Талап Сұлтанғалиевке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М.Әнуаров пен Т.Сұлтанғалиев ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2)-тармағына сәйкес (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен ірі көлемде мүліктік зиян келтіру) айыпты деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандықтарынан шектелді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес сотталушылар жазаданбосатылды.

Сотта анықталғанындай, М.Әнуаров Т.Сұлтанғалиевпен 2019жылы алдын ала сөз байласқан.

Атап айтқанда, күн батареяларын сатып алу үшін шаруақожалықтарының басшыларына субсидия алуға құжаттар жасауға жәрдем көрсеткен.Бұл ретте шаруа қожалықтарының басшылары ештеңеден күдіктенбеген, тіпті қажеттіқұжаттар мен өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбаларын тапсырған. Ал кәсіпкеркүн батареяларын Алматы базарларынан төмен бағамен сатып алған.

Сотталушылардың заңға қайшы әрекеттері салдарынанмемлекетке 5,1 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Бұл ретте сотталғандарсот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер