ЖЕТІСУДА 857 МЫҢ ГЕКТАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙДЫ

ЖЕТІСУДА 857 МЫҢ ГЕКТАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙДЫ

Талдықорғанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдігі Экология министрлігімен бірлесіп, ирригациялық желілерді сапалы жаңғыртып, су объектілерін уақытылы пайдалануға беруі қажет.

Сондай-ақ пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару әлі де өзекті мәселе болып отыр.

«Жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста әлі 857 мыңгектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Ал халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондықтан ауылдық елді мекендердің маңында жерлерді сол ауыл тұрғындарына мал жаюға беру жолдарын пысықтау керек. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер