ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСУДЕ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МАЛ БАСЫ ӨСУДЕ

Шу ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

«Омар Шу» ауыл шаруашылығы кооперативі 11 млн теңге несие алып, енді ауыл тұрғындарын техникамен, тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде. Бұл ретте 189тұрғын 4 692 бас мал сатып алды.

Жаңақоғам ауылдық округінде биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 102,8 гектар жер игерілді.

Екінші кезеңде пилоттық жоба Шу ауданының Бірлікүстем ауылдық округінде іске асырылатын болады. Бүгін осы ауылдық округте дайындық шаралары белсенді жүргізілуде.

Өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар кешені әзірленді, бұл, күтілгендей, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуға тиіс. Құрылған кооперативтер Ауыл тұрғындарының тұқым, минералды тыңайтқыштар, химиялық қорғаныс құралдарын сатып алуын қаржыландырады. Қазақстандық өндірушімен бірлесіп «Агромашхолдинг KZ» АҚ аграршылар үшін тиімді шарттарда ескі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және қалпына келтіру бойынша «Trade-in» жобасы іске қосылды.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңіне Жамбыл облысының 10 ауданының 11 ауылдық округінен бірнеше мың тұрғын қатысып, несие алды.

Ауыл тұрғындарының табысын арттырудың пилоттық жобасының бірнеше бағыты бар. Бұл өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін үй учаскелерін тиімдіпайдалану.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер