Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмай отырған 503,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, материалдар тексеру үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
Күні бүгін 221,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Соның ішінде 212,1 мың гектар жерді пайдаланушылар өз еріктерімен бас тартты.
Ал 9,5 мың гектар жер телімін мәжбүрлеп алу жөнінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі шықты.
Сонымен қатар 103,9 мың гектар жерді пайдаланушылар мақсатына сай игеруге кірісті.
Қалған 178,2 мың гектар жер бойынша аталған департамент тексеру жүргізіп жатыр.
Босаған жер телімдерін шаруаларға беру конкурстық негізде жүзеге асады.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер