ӨЗБЕКСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТІКЕЛЕЙ НЕСИЕ БЕРЕТІН БОЛАДЫ

ӨЗБЕКСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТІКЕЛЕЙ НЕСИЕ БЕРЕТІН БОЛАДЫ

Өзбекстан президенті ШавкатМирзиеев Ауыл шаруашылығы министрлігіне банктерді айналып өтіп, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 130 млн несие беруді тапсырды. Бұл туралы «Ферғана» АА Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасапхабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, өзбек фермерлері 1 сәуірден бастап несие ала алады.

Ол үшін фермерлер жобаларын Министрліктің ашық электрондық платформасы арқылы қарауға ұсыну қажет.

Несие мөлшерлемесі 10 жылға дейінгі мерзімге 14% құрайды. Ақша өнімді өсіруге, өңдеуге әрі сатып алуға, сондай-ақ қажет жабдықтарды алуға жұмсалуы керек. Осы мақсаттарға барлығы $ 130 млн көзделген.

Несие сомасының 80%-ын 10 жылішінде бөліп төлеуге болады. Несиенің қол жетімділігін банктік сыйлықақының жоқтығы арттырады.

Кәсіпкерлер үшін тікелей кредиттерді енгізу 23 наурызда Шавкат Мирзиеев өткізген азық-түлік өнімдерін өндіруді ұлғайту шаралары мен көктемгі егіс маусымын тиімді ұйымдастыружөніндегі кеңесте жарияланды.

Кеңесте соңғы жылдары азық-түлік дақылдарын өсіруге 200 мың гектар жер бөлініп, айналымға қосымша 500мың гектар жер енгізілгені атап өтілді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер