УКРАИНАДА БИЫЛ 32 МЛН ТОННАДАН АСТАМ АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

УКРАИНАДА БИЫЛ 32 МЛН ТОННАДАН АСТАМ АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

Әлемдік жаңалықтарды ұсынсақ.

Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша 10 млн тоннадан астам астық экспортталып, оның 5 млн тоннасы Африка және Азия елдеріне тасымалданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

190 мың тонна украиндық бидай Судан, Кения, Эфиопия, Йемен сияқты ашаршылық алдында тұрған елдерге жөнелтілді.

3 қарашадағы жағдай бойынша Украинада дәнді және бұршақ дақылдары 8 млн гектар алқапқа бастырылды, бұл жоспарланған алқаптың 72% құрайды. Оның ішінде зымырандық атқылауға қарамастан Украина даласында 10 млн гектар алқаптан 32 млн тоннадан астам астық жиналды. Маусым аяқталғанша әлі де отыз тоннадай жинау жоспарланып отыр. Дәнді және бұршақ дақылдарының ең жоғары өнімі Хмельницкий облысында тіркелді. Астықты оқтың астында жүріп жинау бір бөлек, ал оны теңіз арқылы экспорттау тіпті бөлек мәселе.

«Астық дәлізі арқылы күнбағыс майы, рапс және арпа экспортталады және әрі қарай да экспортталады деп үміттенеміз. Осы кезеңде астық дәлізіне 400-ден астам кеме қосылып, тиісінше осы кемелер арқылы 10 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі сыртқа шығарылды. Дей тұрғанман, өткен жылы Украинада 86 млн тонна астық жиналған еді, биыл қарулы қақтығыс салдарынан бұл сан екі есеге аз», — дейді Тарас Высоцкий, Украина аграрлық саясат және азық-түлік министрінің орынбасары.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер