Түркістанда Наурыз мерекесі күндері, 20-22 наурыз аралығында KazAgro/KazFood Turkistan 2023 Бірінші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара аясында тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және суару тақырыптары бойынша халықаралықаграрлық форум өтеді. КөрменіExpoGroup компаниясы ұйымдастырады.
Көрме-жәрмеңкегебағдарламаның іскерлік бөлігіне қатысатын Түркия мен Голландияның ауылшаруашылығы вице-министрлері келеді деп күтілуде. Сондай-ақ ТүркістанғаӨзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ирак және басқа елдердің елшіліктері мен іскертоптарының өкілдері келеді. Күн тәртібінде сауданы күшейту, сондай-ақҚазақстанның аграрлық секторын, әсіресе оңтүстік өңірлерді дамыту болады.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер