ТҮРКІСТАНДА БҰРЫШТЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРЕ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАНДА БҰРЫШТЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысында «Келес» деп аталатын жаңа бұрыш түрі өсіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғыны Нұржан Умаров алғаш рет жартылай ащы және тәтті бұрыштың будандасқан түрін көшет күйінде өндіріп, одан өнім алуды қолға алды. Ол бұл өнімнің атауын «Келес» деп атаған. Жиырма жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкердің айтуынша, жаңа көшеттің түрі өңірдің климатына бейімділігі тексеріліп, тәжірибеден өткізілген.

«Меншігімде 8 гектар аумақта орналасқан жылыжайым бар. Оның 2 гектарына көшет өсіріп жүрмін. Бүгінде жылыжайда 40 адам еңбек етуде. Сонымен қатар қияр, қызанақ, асқабақ секілді өнімдердің тұқымдарын будандастырып, өнімнің жаңа түрін шығаруға басымдық беріп келеміз», – дейді жеке кәсіпкер.

Мұнан бөлек, онда қарбыз, құлпынай, қырыққабат, қияр, қызанақ көшеттері дайындалуда.Бұл өнімдерге қызығушылық танытатын шаруалар да көп. Әсіресе, көршілес Сарыағаш және Мақтаарал, Қазығұрт, Шардара аудандарының тұрғындары жиі тапсырыс беріп отырады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер