Заңсыз коммерциялық қызмет фактілерін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады. Алаяқтар фермерлерге суды жоғары бағамен сатқан, деп хабарлайды world of nan tinfo.kz порталына сілтеме жасап.
Мониторинг барысында мамандар ауылшаруашылық кооперативтері суару арналарына құқықтары жоқ және табиғи монополиялар тізіліміне кірмей, коммерциялық қызметпен айналысқанын анықтады.
Олар суды бекітілген тарифке сәйкес "Қазсушар" РМК филиалынан алып отырған. Алайда, олар суды фермерлерге жоғары бағамен берген.
Қалыптасқан жағдай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтарының бұзылуына алып келді. Бұдан былай фермерлер суармалы суды тікелей Үлкен Алматы каналынан алатын болады.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер