Талдықорғанда 2300 гектардан аса пайдаланылмаған жер анықталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аэроғарыштық зерттеулер арқылы 2306 га пайдаланылмайтын жайылымдық жер анықталды Мониторинг нәтижесінде облыс орталығы аумағында 2306 жайылымдық жердің 2009 гектары қайта пайдалануға берілді. Қалған 296 гектар жердің 3 меншік иелеріне бір ай мерзімде заң бұзушылықты жою туралы хабарлама жолданды.
«Коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмаған жерлерге келетін болсақ, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде 1997-2021 жылдар аралығында қолданысқа беріліп, игерілмеген 110 жер телімі анықталды. Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты тиісті шара қабылдау үшін ақпарат облыстық Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды», — деді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер