ЕЛІМІЗДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰНАРЫ КЕТІП БАРАДЫ

ЕЛІМІЗДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰНАРЫ КЕТІП БАРАДЫ

Бұл 90 млн гектар жер. Мұндай ақпарат Дүниежүзілік топырақ күніне орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда айтылды. Жиында ғалымдар топырақтың құнарсыздануы азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айтып, дабыл қақты. Себебі адамзат тұтынып отырған тамақтың 95% жерден шығады. Ал әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн гектар жер тұзданып, жарамсыз боп қалып жатыр. Сондықтан «дүниежүзі елдерінің барлығы бұған алаңдаушылық танытып, алдын алу шараларын қолға алуы тиіс», — дейді мамандар.

Мұрат Теміржанов, ҚР АШМ жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:

-Қазір біз пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарумен қатар құнарсызданып кеткен алқаптарды тыңайтуды да қолға алып отырмыз. Ол үшін бірнеше министрліктің басын қосатын бірыңғай топырақ кластері қызметін құрамыз. Оған агро-химия, топырақ және биоботаника, сондай-ақ, мелиорация қызметтері кіреді. Мұның бәріжерді игеріп отырған кәсіпкердің жауапкершілігін күшейтіп, топырақтың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер