ЕЛДЕ 3 МЛН ТОННА СҮТ ӨНІМДЕРІ ТАПШЫ

ЕЛДЕ 3 МЛН ТОННА СҮТ ӨНІМДЕРІ ТАПШЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Асқарбек Үйсімбаев отандық сүт өндірісініңдамуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қолдау азық-түлік импортыназайтуға тікелей әсер етеді. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайыншамамен 6,3 миллион тонна сүт өндіріледі. Оның 1,6 миллион тоннасы сүтөнімдерін жасауға жұмсалады. Аталған көлемнің 1 миллион тоннасын отандық ірішаруашылықтар жүзеге асырады. Дегенмен сүт өнімдерінің импортына тәуелділікмаңызды мәселе күйінше қалып отыр. Мәселен, жыл сайын елге 600 мың тонна сүтөнімдері әкелінеді. Қазір нақты тапшылық — жылына кемінде 3 млн тоннанықұрайды. Сондықтан сүт және сүт өнімдері фермалары үшін мемлекеттік қолдаукөлемінің қысқаруы импортқа тәуелділіктің өсуіне алып келеді. Ал құсшаруашылығында импортқа тәуелділік 70%-ға жетті. Жұмыртқадан бастап тауықтыңбалапанына дейін сырттан әкелініп жатыр», — деді Мәжіліс депутаты АсқарбекҮйсімбаев дөңгелек үстел барысында.

Халық қалаулысы импортқа тәуелділіктіазайту керек деп санайды.

«Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауәлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына тікелей әсер етеді. Осы орайдасубсидия мәселесінің әлеуметтік маңызы зор. Біз сала мамандары менәкімдіктердің ұсынысын тыңдадық. Оның нәтижесі — мемлекеттік қолдаусызфермерлер жұмыс жасай алмайды, әсіресе қазіргі экономикалық дағдарысжағдайында», — дейді ол.

Келісесіздер ме?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер