АСТАНАДА НАН ҚАЛДЫҚТАРЫНАН МАЛҒА ЖЕМ ЖАСАЛУДА

АСТАНАДА НАН ҚАЛДЫҚТАРЫНАН МАЛҒА ЖЕМ ЖАСАЛУДА

Астанада малға арналған жем-шөп өндірісі іске асырылып жатыр.

Бұл үшін кәсіпкерлер Астана аулаларына шикізат жинауға арналған бір жарым мың контейнер орналастырды.

Цехқа күн сайын орта есеппен бір тоннаға жуық шикізат әкелінеді. Алдымен ол сұрыпталады, қалдықтар ұсақталады, астық қоспаларымен араластырылып, кептіріледі. Олылайша қой, сиыр, жылқы үшін шамамен екі тонна жем өндіріледі.

Бизнес иесінің айтуынша, бір килограмм жем жүз қырық теңгеге дейін тұрады. Ал күзгі кезеңде оған сұраныс артып келеді.

«Біз ешқандай химиялық қоспаларды қоспаймыз, тек табиғи шикізат. Дайын өнімді елорда маңын қамтамасыз етеміз, алайда өндірісті кеңейту бойынша жоспарлар бар. Шикізат қолмен тазаланады», — дейді кәсіпкер Руслан Уббиниязов.

Технологтар өнімнің сапасын қатаң қадағалайды. Жақын жерде мал бордақылау алаңы бар.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер