БИЫЛ СҚО-ДА МАЛ АУРУЫНЫҢ 23 ОШАҒЫ ТІРКЕЛДІ

БИЫЛ СҚО-ДА МАЛ АУРУЫНЫҢ 23 ОШАҒЫ ТІРКЕЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мал ауруының 23 ошағы тіркелді. Бүгінгі таңда зарарсыздандыру жұмыстары толық аяқталды. Ал шығынға батқан тұрғындарға 15 млн теңгеге жуық өтемақы төленді.

Ветеринария басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, биылғы эпиджағдай өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсы. Мысалы, құс тұмауы мүлдем тіркелмеген. Қазір өңірде 361 мал дәрігері жұмыс істейді. Олар 200-ден аса арнайы техникамен қамтылған.Оның ішінде ауру малды таситын жүк көліктер де бар.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер