ЕЛДЕН ІРІ ҚАРА МЕН ҰСАҚ МАЛДЫ ӘКЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

ЕЛДЕН ІРІ ҚАРА МЕН ҰСАҚ МАЛДЫ ӘКЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды (ұрғашы) әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының аумағынан аналық ірі қара малды және аналық ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен бұйрықта.

Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлігінің тиісті комитеттеріне жүктеледі.

Құжатты ашық талқылау 9 наурызға дейін жалғасады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер