НОРМАНДИЯДА ФЕРМЕРЛЕР ҚАЛДЫҚТАРДАН ГАЗ ШЫҒАРМАҚ

НОРМАНДИЯДА ФЕРМЕРЛЕР ҚАЛДЫҚТАРДАН ГАЗ ШЫҒАРМАҚ

Шетелден қызықты мысал.

Нормандия аймағының жеті фермері жергілікті қалдықтардан газ өндіруге жәнеауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар өндіру үшін бірігуге шешім қабылдады. Ол үшін Сеса қаласында (Орн департаменті) шағын метан зауыты салынады.

Нормандиядағы Сеса қалашығының муниципалдық кеңесі ауылшаруашылық қалдықтарынан метан шығаратын қондырғының құрылысына рұқсат берді, деп хабарлайды Ouest-France.

Өндірістік учаскеде ірі қара мал көңі, жүгері немесе шөп сүрлемі сияқты көршілес фермалардағы қалдықтар мен шикізаттың арқасында биометан өндіріледі.

«Жыл сайын шамамен 26 мың тонна кіріс материалдарын қайта өңдеугеболады, яғни күніне орта есеппен 70 тонна», — делінген нысанды салужобасында.

Тазартудан кейін биогаз тарату желісіне беріледі.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер