МАҢҒЫСТАУДА 2000 ТОННАҒА ЖУЫҚ МАЛ АЗЫҒЫ ЖИНАЛДЫ

МАҢҒЫСТАУДА 2000 ТОННАҒА ЖУЫҚ МАЛ АЗЫҒЫ ЖИНАЛДЫ

Маңғыстау ауданының өзінде бүгінге дейін 2000 тоннаға жуық шөп жиналып, тұрғындарға жеткізілген.

Қызан ауылының тұрғыны Ертай Жасақов бірнеше жылданбері шөп шабады. Қуаңшылықтан соңғы жылдарда жұмыс тоқтап қалған. Ал, биылкәсіпті қайта қолға алды. Әкімдіктен берілген 3 мың гектар жердің жартысын игеріп, 2 айда 8 мың түк шөп орды.

«Былтыр енді шөп шыққан жоқ қой, биыл шығып жатыр. Биылғы шөптің шығуы жақсы. Шөптің биіктігі сол 30 см-дей бар. Соны енді шауып біздің мақсатымыз халыққа тарату. Ауылға таратып жатырмыз», — дейді ЕртайЖасақов, шаруа қожалығының иесі.

Сарғат жерінен орылған шөп Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық және Шебір ауылдарына жеткізілуде. Тұрғындар кезекпен алып, қысқа қамданып жатыр.

Маңғыстау ауданы бойынша 25 кәсіпкер 68 мың гектараумақта шөп шауып жатыр. Нәтижесінде 4 мың тоннадай мал азығын дайындап алмақ.Ал әзірге 2 мың тоннаға жуық шөп жиналған. Кәсіпкерлер 1 түк шөптің бағасын 700 теңгеден асырмауға келіскен.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер