Қызылорда облысында алғашқы түйеқұс фермасы ашылды. Сырдария ауданының Бесарық ауылына 12 африкалық түйеқұстың алғашқы партиясы әкелінді. Бұл туралы Хабар24 хабарлайды.
Бір айдан кейін аймаққа тағы 100 бас африкалық түйеқұс әкелінеді. Ереже бойынша құстар бірнеше күн карантинде болады. Кейінірек олар арнайы бөлмеге ауыстырылады.
Фермерлер түйеқұс басын көбейтуге ниетті, бұл үшін инкубатор да бар. Негізгі мақсат — ет пен жұмыртқа өндірісін жолға қою. Бір құс етінен 80 келіге дейін ет алуға болатындығы атап өтілді. Бір маусымда бір аналықтан шамамен 60 жұмыртқа алуға болады. Ал етінің бір килограммы 7-ден 12 мың теңгеге дейін. Дайын өніммен ішкі және сыртқы нарықтарды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сарапшылардың айтуынша, түйеқұстар аймақтың қатал климатына тез бейімделеді, тамақты да аса таңдамайтын көрінеді.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер