ҚЫРҒЫЗСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰЛДЫРАДЫ

ҚЫРҒЫЗСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰЛДЫРАДЫ

Қырғыз жастары даладағы алқапта емес, қаладағы тойханада жұмыс істегендіқұп көре бастаған. Соңғы 8 жылда 250 мың тұрғын ауыл шаруашылығынан қызмет көрсету саласына ауысқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұның себебі неде? Қырғызстанда ауыл шаруашылығы табыс көзі болудан қалып барады. Қазір қаржыны мейрамханалар мен қонақ үйлер бизнесіне салған тиімді.

Статистика мәліметі көрсеткендей, соңғы 10 жылда алқапта жұмысістейтіндердің қатары 35 пайызға қысқарған.

Ирина Литвякова, маркетолог:

— Банкет бизнесі несімен тартымды? Тойхана салсаң болды, ол жай тұрғанда шығын талап етпейді. Той жасайтын адам тапсырыс бергенде ғана даяшыларға, аспаздарға, басқарушыға ғана ақша жұмсайсың. Қаржы қолма-қол түседі.

Банкет-холл, ивент-плаза, тойханада жастарүшін де табыс табу оңай. 2-3 айлық курстан соң білікті даяшы болып шыға келеді.Бұл жағынан нарықта сұраныс өте жоғары. Күннің ыстығы мен нөсер жаңбырдың астында алқапта қажып жұмыс істегенше, ән мен бидің ортасында тойлап жүріп, ақша тапқан жақсы.

Ғани Абдрасилов, экономист:

— Жастар қазір ауылға бармайды. Оларды олжаққа тарту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Мейрамханада немесе басқа қызметкөрсету саласында олар еріккеннен жүрген жоқ. Басқа амал қалмады жастарда.

Ауыл шаруашылығының тұралауының тағы бір себебі жаңа технологиялардың енуі.Қазір бір жағынан адамға ауыр жұмыс істеудіңде қажеті жоқ. Түрлі заманауи техникалар шығып жатыр. Десе де ауыл шаруашылығына адам күші, оның ішінде қайратты жастар керек-ақ. Өйткені ауылсыз адамның күні қараң.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер