ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ӨРТЕНДІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ӨРТЕНДІ

Қостанай облысындағы өрттен кейін мамандар шығындарды есептеп жатыр. Олардың мәліметінше,137 үй жануарлары мен 130 құс өртенген.

Ең көп зардап шеккен Әулиекөл ауданы. Жанып кеткен жануарлар арасында шошқалар, ірі қара, қой және құс саны көп. Мұндай мәліметтерді облыстық ветеринария басқармасында хабарлап отыр.

Шенеуліктер тиісті есептеу жұмыстары аяқталғаннан кейін зардап шеккендерге залалды өтеуге уәде беруде.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі де фермерлер мен үй шаруашылықтарының барлық шығындары өтеледі деп уәде берген болатын.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер.