ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА АҚБӨКЕНДЕРДІ АТУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕК

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА АҚБӨКЕНДЕРДІ АТУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕК

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа қаулының жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанның төрт өңірінде ақбөкендерді атуға рұқсат етіледі. Алайда, бұл жануарларды тек ғылыми мақсатта аулауға болады, деп хабарлайды world of nan.

Экология министрлігі БҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында ақбөкендерді ғылыми мақсатта атуға рұқсат беруге дайын. Жалпы популяциядан 1815-ін алу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ақбөкендердің санын реттеу қажеттілігі туралы пікірталастар олардың саны күрт өскеннен кейін пайда болды. Фермерлер егістіктер мен жайылымдардың шөбіне шағымданды. Тіпті атуға рұқсат беруді талап етті.

Сонымен қатар, қаулы жобасында ақбөкендерді тек ғылыми мақсаттар үшін алуға шектеу қойылған. Мысалы, Ақмола облысында 705 бас, Қарағанды облысында 700 бас атуға рұқсат етілді. Қостанай облысында — 210 және Батыс Қазақстан облысында – 200 бас.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер