ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖҮК ПОЙЫЗЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖҮК ПОЙЫЗЫ ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

25 наурызда Қостанайстанциясындағы Темірбұлақ – Қостанай Оңтүстік аралығында жүк пойызыныңмашинисі темір жолдарда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеу қолданған.

Алайда, жануарлармен соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан пойыз үшжылқыны қағып кетті. Осыдан соң пойыз 24 минут тұрақтаған.

«Жедел-іздестіруіс-шаралары барысында жылқылардың иесі анықталды. Ол Қостанай облысының 40жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілікхаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айтакету керек, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың нәтижесіндеағымдағы жылдың бірінші тоқсанында пойыздардың шұғыл тежелуінің саны өткенжылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеді», – деді Д.Молдаханов.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер