ҚАЗАҚСТАНДА АСТЫҚ ПЕН ҰН ЭКСПОРТЫНА ШЕКТЕУЛЕР АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АСТЫҚ ПЕН ҰН ЭКСПОРТЫНА ШЕКТЕУЛЕР АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

Бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ербол Қарашөкеев қол қойды. Осылайша, қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алады.

Шектеулер 14 қыркүйектен бастап алыныптасталғаны атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстанның азық-түлікқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралышешім қабылданған болатын.

Алайда, әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанғаннанкейін және Қазақстандағы астық өнімділігінің оң болжамдары кезінде квоталауды алып тастау туралы шешім қабылданды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер