ҚАЗАҚСТАНДА 35 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА 35 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

Ағымдағы жылы Қазақстанда 35 өнеркәсіптік сүт-тауар фермасының құрылысы жүзеге асырылуда, оларда мал басының саны 400-ден асады.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 17 сүт фермасы салынатындығы ерекше назар аудартады. Елде салынып жатқан сүт фермаларының жартысы осы аймаққа тиесілі. Осылайша, жыл соңына дейін 8 ферма іске қосылады. Сонымен қатар, биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығында 81,9 млрд. теңге сомасына 33 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, автоматтандырылған және цифрлық ферма өнімділікті айтарлықтай арттырады. Мәселен, егер ескі фермаларда бір бас үшін орташа сүт мөлшері жылына 3 мың литр болса, қазіргі заманғы фермаларда бұл көрсеткіш 7-8 мың литрге жетеді. Осыған байланысты цифрлық технологиялар өнімділікті екі есе арттыруға мүмкіндік береді деп айтуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 600 басқа арналған жаңа ферма ашылған болатын.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер