ҚАЗАҚСТАНДА АШ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН РЕТТЕУ ТӘСІЛІ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АШ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН РЕТТЕУ ТӘСІЛІ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу тәсілі қайта қаралады. Ол үшін саладағы бәсекелестікті дамытуға бағытталған Жол картасы әзірленді. Осылайша, субсидиялаудың жаңа тәсілдерін енгізу, бағаны реттеу мәселесін қайта қарау, бөлшек сауда және биржалық сауда бағыттарын дамыту көзделіп отыр. Мұның бәрі елдегі бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі бірыңғай Тұжырымдаманың бір бөлігі, деп хабарлайды Хабар.

Бұл үшін бейіндік ведомство тағы жеті бағыт бойынша жол карталарын әзірледі. Олардың ішінде денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, азаматты қавиация және басқа да салалардағы бәсекелестікті дамыту. Әзірлеушілердің айтуынша, ұсынылған шаралар елдің экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Рустам Ахметов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігітөрағасының бірінші орынбасары:

— Тұжырымдамада алты негізгі бағыт бар: 1) негізгіқуатқа, инфрақұрылымға шектеулі ресурстарға қол жеткізу; 2) тауар нарықтарынакірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту; 3) кәсіпкерліксубъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына және квазимемлекеттік сатып алуғатең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер