ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН КӨКТЕМГІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН КӨКТЕМГІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы жануарларын көктемгі вакцинациялауға 66 млн дозадан астам препарат бөлінді. Барлық ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар белгіленген іс-шаралар жоспарына сәйкес уақтылы жүргізіледі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

«2022 жылы вакциналардың республикалық қоры құрылды, олардың көлемі биыл жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарға ауылдық елді мекендердің шекарасында немесе шаруа және фермер қожалықтарының фермаларында болған кездеяғни қорада тұрған кезеңінде тиесілі жануарларға көктемгі вакцинацияныжүргізуге мүмкіндік береді», — деп жазады ведомство.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдарда республикалық қордан бөлінген 66 млн. дозадан астам ветеринариялық препараттар, 20,7 млн. құлақ сырғалары және 10 млн. шприц пробиркалар бар. Сонымен қатар, ветеринарлық зертханалар барлық қажетті диагностикумдармен қамтамасыз етілген.

Биыл Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарда кездесетін аурулардың 23 түріне қарсы вакциналардың шамамен 172 млн дозасы қамтамасыз етілетін болады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер