ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙ АЙМАҒЫНДА ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУ ТИІМДІ?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙ АЙМАҒЫНДА ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУ ТИІМДІ?

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылы республикада өсімдік шаруашылығының рентабельділік деңгейі орта есеппен 37,8%-ды құрады. Бірінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда кірістілік деңгейі 92,8% құрайды, деп жазады Ұлттық статистика бюросы.

Қарағанды облысында 76,9% рентабельділікпен екінші орын, Қостанай облысы үшінші орын алады, онда өсімдік шаруашылығының кірістілігі — 55%.

Өсімдік шаруашылығының рентабельділігі рейтингінде Шығыс Қазақстан майлы дақылдар бағасының әлемдік конъюнктурасының арқасында көшбасшылыққа қол жеткізді. Қарағанды облысы жемшөп дақылдарының арқасында ТОПқа енді, ал Қостанай облысы — астықегетін ірі өңірлердің бірі ретінде.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер