ЕРТІС АУДАНЫНДА АСТЫҚ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

ЕРТІС АУДАНЫНДА АСТЫҚ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Ертіс ауданында екі тұрғын 35 тонна астықты жымқырған, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті.

«Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл маңындағы егістік алқаптарынан дәнді дақылдарды ұрлады дегенекі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар барлығы 35 тонна астық ұрланған. Келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады» — деді Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының м.а. Серік Үсенов.

Ұсталғандар — 28 және 42 жастығы Ертіс ауылының тұрғындары. Олар өз кінәларын мойындаған.

Ұрланған астық толығымен тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер