БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 26 ЖАҢА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ АШЫЛАДЫ

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 26 ЖАҢА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ АШЫЛАДЫ

2023 жылы Қазақстанда жалпы қуаты 104,5 мың тонна болатын26 жаңа көкөніс қоймасы ашылады, ал 2026 жылға дейін елде тағы 35 заманауиқойма пайдалануға беріледі. Олар республикадағы сыйымдылығы 1,9 млн тонна 1208 сақтау объектісінің тізіміне кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғыжылдары Қазақстанда көкөніс қоймаларының тапшылығы өткір болды, әсіресе, мәселе маусымаралық кезеңде сезілетін.

Сондықтан елімізде сақтау объектілерін салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар әзірленді, ол кемінде көлемі 335,6 мың тонна болатын 97 жеміс-көкөніс өнімдерінің қоймасын салудыкөздейді.

Көкөніс өнімділігінің көрсеткіштері өсіп жатқанын ескере отырып, Қазақстан үшін қолданыстағы көкөніс қоймаларын сақтау инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту мәселесі өзекті болыпотыр.

2022 жылы отандық фермерлер 4,1 млн тонна картоп, 621,4 мың тонна сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 552 мың тоннаға жуық қырыққабат жинады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер