ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР

Қазгидромет синоптиктері еліміздің екі өңірінде су тасқыны қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, 20-22 наурыз аралығында Қостанай облысында ауаның оң температурасы сақталады, соның салдарынан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды еріген сулармен су басу қаупі болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде Науырзым, Жангелдин, Амангелді аудандарында және Арқалық қаласының маңында синоптиктер қардың еруін, еріген су ағындарының қалыптасуын, мұздың еруін және су деңгейінің көтерілуін болжайды.

20-22 наурыз аралығында Ұлытау облысында (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) температураның көтерілуіне байланысты қардың еруі және судеңгейінің көтерілуі күтілуде, төгілулер мен су тасқыны болуы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер