VETMOBILE ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛАРҒА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

VETMOBILE ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛАРҒА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Ветеринарлар қысы-жазы далада жүріп, жануарлар туралы мәліметтерді қағазға енгізіп әуре сарсаңға түсетін. Жинаған ақпараттарын кеңсеге апарып, компьютерге енгізетін. Әрине бұл мал дәрігерлерінің жұмысын қиындатып, көп уақытын алады. Енді мамандар бұл проблемалардан арылып, арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар планшеттерге көшуде.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Жануардың құлағына ілінетін арнайы құрылғының (бирка) штрих-кодын сканерлеу арқылы деректер автоматты түрде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде cақталады. Жүйенің өзі барлық ақпаратты – жануарлардың түрлерін, тұқымын, жынысын және т.б. мәліметтерді көрсетеді. Жүйе толығымен автоматтандырылған, осылайша ветеринарлар қағазбастылықтан босатылып, нақты уақыт режимінде мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауға болады. Интернет байланысы болмаған жағдайда да, мобильді қосымша офлайн түрде жұмыс істейді. Осылайша, ветеринарлардың жұмысындағы адами фактор алынып тасталып, бюрократиялық кедергілер азаяды. Енді жақын арада осы салаға жауапты орган жануарларды есепке алу жүйесін тәртіпке келтіруді жоспарлап отыр.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер