АТЫРАУДА СҮТ ӨНІМДЕРІНЕН АЛЫНҒАН 48 СЫНАМАНЫҢ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕСТІГІ АНЫҚТАЛДЫ

АТЫРАУДА СҮТ ӨНІМДЕРІНЕН АЛЫНҒАН 48 СЫНАМАНЫҢ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕСТІГІ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері сүт және сүт өнімдерінен 181 сынама алынған.

Сынама қорытындысымен техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға 48 сынама сәйкес келмеді. Өйткені сынамадан физико-химиялық көрсеткіштер, сынамадан таңбалануы бойынша сәйкессіздік анықталды.

Мұндай сәйкессіздіктің негізгі үлесі импорттық сүт өнімдеріне тиесілі болып отыр. Бұл көрсеткіш жалпы сәйкес емес өнімнің 26,5%-ын құрайды. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне ел заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, тәртібі түсіндірілді.

Сатуға арналған сүт өнімдерінің сыртқы қорабында өнімнің тауар белгісі, таза салмағы, құрамы, партияның нөмірі, сондай-ақ, дайындау және жарамдылық мерзімі болуы тиіс. Ал, сатып алу кезінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары мен сәйкестігі туралы декларациясы болуы керек. Өнімдердің сақталу, тасымалдау ережелерінің бұзылғаны анықталған жағдайда тұтынушы жергіліктісанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлай алады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер