АСТАНАДА 13 МЫҢ ТОННА ӨНІМГЕ КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

АСТАНАДА 13 МЫҢ ТОННА ӨНІМГЕ КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Тиісті тапсырманы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Астана азық-түлік импортын жоғары қарқынмен арттыруда. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша қаладағы инфляция 23%-ға жетті — бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Елордада азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу, соның ішінде өнімді сақтау үшін қуаттылық тапшылығын жою қажет. Бұл туралы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Негізінен бұл жерде өндіруге болатын өнімдер туралысөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жартысына ғана жүктелген. Көкөністерді сақтауға арналған үй-жайлардың жетіспеушілігі жағдайды нашарлатады. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтау қуатын енгізу қажет», — деді мемлекет басшысы.

Ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана және Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер