АЛМАТЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

2022жылғы 2-4 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме кешенінде «Agroworld Qazaqstan — ауыл шаруашылығы» 16-шы Орталық Азия халықаралық көрмесі өтеді.

Көрмеге қатысуды 13 елден 120-дан астам компания растады: Австрия, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Италия, Қазақстан, Нидерланды, Польша, Ресей және Түркия.

Мал, құс, шошқа шаруашылықтарына, жем-шөп компоненттеріне арналған материалдар мен жабдықтар, бау-бақша жабдықтары, жылыжай технологиялары, отырғызу материалдары ұсынылатын болады. Өсімдік өсірушілер үшін тұқымдар, тыңайтқыштар, заманауи суару жүйелері, көкөністер мен жемістерді өңдеуге арналған жабдықтар көрмеде ұсынылады.

Форум бағдарламасына жылыжай конференциясы, бау-бақша бойынша дөңгелек үстел, суару бойынша дөңгелек үстел, құс шаруашылығы бойынша семинар кіреді.

Биылғы қатысушылардың тізімімен және бағдарламамен agroworld.kz сайтынан танысуға болады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер