Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшылары бастаған мамандар тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөнінде баспасөз турын өткізді. Көкөніс қоймасын аралаған тілшілер ондағы картоп сапасының нашар екенін байқап қалды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.
Босап кеткен картоптар қоймаға екі ай бұрын жеткізілген екен. Жауапты мамандар қайта тексеру жасап, бүлінген картоптарды кері қайтаратындарын айтып сендірді.
"Үкімет ақшаны бөледі. Бірақ мал жемейтін картоптар тұрады. Кейде жақсылары болады. Көбіне үсігендері келеді. Картоп, сәбіз, жуаны үсірмей әкелсе жақсы болареді,"- дейді қала тұрғыны Қанат Айткенов.
Әлеуметтікдүкендерді жағалаған тұрғындар қажетті азық-түлік бағасын төмендетуді сұрайды.
«Баға күннен күнге шарықтап барады. Халықтың көбі әлеуметтік дүкенде жүр. 70 мың теңге айлығымызды үнемдеп жұмсаймыз. Ірі супермаркеттегі картоптар шіріп жатыр. Ол жерден іріктеп те ала алмайсың. Халыққа бірінші қажетті азық-түлік бағасын төмендетсе дейміз», — дейді қала тұрғыны Жанна Әлімова.
Өткен жылы Ақтөбедегі дүкен сөрелері шіріген картопқа толып, көпшіліктің наразылығынтудырған болатын. Биыл шіріген картоптарды дүкендерге жібермейтіндерін айтқанбасшылар қайта іріктеу жұмыстарын жүргізбек.
«2018-2022жылдар аралығында тұрақтандыру қорына 2,2 миллиард теңге ақша бөлінді. Солбағытта жұмыс істеп жатырмыз. Былтырғы қателіктер қайталанбауы керек. Шірігенболса, өнім сапасы төмен болса тексеріледі, қадағаланады. Қазіргі таңда 2309тонна картопқа келісімшарт жасалған. Келер жылға тағы жұмыстар жүреді»-деді «Ақтөбе» ӘКК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Самат Жұмағалиев.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер