2023 ЖЫЛЫ КӨКӨНІС ЕГЕТІНДЕРГЕ 100 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ФОРВАРДТЫҚ НЕСИЕСІ БӨЛІНЕДІ

2023 ЖЫЛЫ КӨКӨНІС ЕГЕТІНДЕРГЕ 100 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ФОРВАРДТЫҚ НЕСИЕСІ БӨЛІНЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде осындай мәлімет айтты.

«Төртінші мәселе – агробизнес экономикалық дамудың тағы бір қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Бұл ең алдымен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік инфляциясын азайту үшін стратегиялық маңызы бар сала. Осы орайлы сәтте мен еліміздің барша диқандарына, ауыл шаруашылығы мамандарына тағы да ризашылығымды білдіремін», — деген Президент биыл астық жинау науқаны табысты аяқталғанын еске салды.

«2023 жылдан бастап көкөніс өнімдерін шығару үшін фермерлерге алдын ала, яғни, форвардтық несие беру бағдарламасы іске қосылады.

Осы мақсатқа шамамен 100 млрд теңге қаржы бөлінеді», — деді Мемлекет басшысы.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер