ӨЗБЕКСТАН: ӘЛЕМДЕ МАҚТА ЭКСПОРТЫ БОЙЫНША 6 ОРЫНДА, БІРАҚ ЕЛДЕ МАҚТА ТАПШЫЛЫҒЫ БАР

ӨЗБЕКСТАН: ӘЛЕМДЕ МАҚТА ЭКСПОРТЫ БОЙЫНША 6 ОРЫНДА, БІРАҚ ЕЛДЕ МАҚТА ТАПШЫЛЫҒЫ БАР

Өзбекстанда мақта жинау әдеттегіден екі апта бұрын басталды.

Ол үшін 2 млн-ға жуық адам тартылды. Жиналған мақтаның әр килограмы үшін оларға 1,5 мың сом төленеді, бұл шамамен 65 теңге. Мақта алғашқы қарға дейін жиналады.

Айта кетейік, ел ірі шикізат экспорттаушылардың бірі болып табылады. Әлемде 6 орын алады. Бірақ егіннің басым бөлігі экспортқа кетеді, ал ішкі нарықта бұл шикізаттың тапшылығы байқалады.

Еске салсақ, мақтаның әлемдік бағасы 30% — ға өсті.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер