КЕШІРІМДІ ПРЕМЬЕР. НЕЛІКТЕН СМАИЛОВ СӘТСІЗДІКТЕР ҮШІН МИНИСТРЛЕРДІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРМАЙДЫ?

КЕШІРІМДІ ПРЕМЬЕР. НЕЛІКТЕН СМАИЛОВ СӘТСІЗДІКТЕР ҮШІН МИНИСТРЛЕРДІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРМАЙДЫ?

Неліктен Қазақстан Премьер-Министрі жұмысты тиісті деңгейде атқармаған министрлерді жұмыстан шығармайды? Әлихан Смайыловқа журналистер осындай сұрақ қойды.

«Мәселе біреуді ұрысу немесе жұмыстан шығару емес, жұмысты ұйымдастыру маңызды болып тұр. Тапсырмаларға жету үшін бәрі жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін. Бұл менің ұстанымым», — деп жауап берді министрлер кабинетінің басшысы.

Сондай-ақ, премьер оған қатысты желідегі сын туралы және отставкаға кет деп жатқандар бойынша келесідей ойлайды екен.

«Мен күнделікті жұмыс істеймін, бар күшімді саламын. Мен мемлекет басшысы мен қоғамның қолдауына ризамын және сенімімді ақтауға бар күшімді саламын. Бағалауды Мемлекет басшысы мен халық береді», — деді Смайылов.

Қызық жауаптар екен. Сіздер не ойлайсыздар?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер