Павлодар облысында жұмыста мас жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды

Павлодар облысында жұмыста мас жүрген ауыл әкімі қызметінен қуылды

Павлодар облысында жұмыста мас болған ауыл әкімі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осы оқиғаға қатысты шешім сәуірдің 3 күні қабылданған.

"Өткен аптада болған әдеп жөніндегікеңестің ұсынысы бойынша академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі БауыржанБозтаев атқарған қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершіліккетартылды", – дейді баспасөз қызметінде.

Ол шенеунік лауазымында қаңтардан беріжұмыс істеп келген.

Екібастұз қаласына қарасты ӘлкейМарғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғанытуралы ақпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенімтелефонына ауыл тұрғынынан түскен.

Әдеп жөніндегіуәкіл фактіні тексеруге барған. Медициналық сараптама қорытындысы оныңішіп алғанын көрсеткен және шенеунік өз әрекетін мойындаған. Әдеп жөніндегікеңес мүшелері шенеунікті қызметінен босатуды ұсынған болатын.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер