ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ «АҚЫЛДЫ» ФЕРМА ЖОБАСЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ «АҚЫЛДЫ» ФЕРМА ЖОБАСЫН ЖАСАДЫ

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен қатар түрлі «ақылды» дүниелердің қатары көбейді. Олардың бірі — «ақылды» ферма. Бұл Түркістан облысы Төлеби ауданы №6 мектебінің 6сынып оқушысы Елдос Елудің ғылыми жобасының бөлігі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.

Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.

«Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады.

Фермадағыдатчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіптұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарламаарқылы басқаруға да болады», — дейді жас өнертапқыш.

Елдостың бұлжобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстықкезеңде ІІ орынға ие болды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер