«АҚЫЛДЫ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ЕЛОРДАДА "Agritech-Efficiency & Resiliency" КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ

«АҚЫЛДЫ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ЕЛОРДАДА "Agritech-Efficiency & Resiliency" КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Нұр-Сұлтанда «Agritech-Efficiency & Resiliency» конференциясында еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту үшін жоғары технологиялық әдістемелерді қолдану мәселелері талқылануда.

Кездесуге ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстанның Астық одағының, ҚР-дағы Франция Елшілігінің, қазақстандық және француздық ауыл шаруашылығы компанияларының өкілдері қатысып отыр.

Қазақстандық және француз компанияларының басшылары өндірісте және алаңдарда туындайтын проблемаларды заманауи технологиялардың көмегімен қалай шешетіндерін баяндауда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі Францияның ауыл шаруашылығына арналған технологияларын егжей-тегжейлі зерделеуге ниетті екендігін айтса, ал Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс елімізді аграрлық сектордағы ірі ойыншы деп санайтынын айтты.

«Франция ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі: бізде тиісті технологиялар бар. Біз сондай-ақ Қазақстанды әлеуеті зор және аумағы орасан зор аграрлық сектордағы ірі ойыншы деп танимыз. Сондықтан 2008 жылғы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің негізін қалаған біздің ынтымақтастығымыз толығымен негізделген және болашағы зор. Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», — деді ол.

Қазақстанның агросаласы қандай нәтижелерге қол жеткізетінін болашақта көре жатармыз, ал әзірге агротехнологиялар біртіндеп фермерлердің қызметіне еніп келеді.

Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар?

Пікірлеріңізді біздің MalBazar телеграм-арнамызға жазыңыздар.